KZ
Өскемен
-11°
ясно жел 2 м/с, С
518.14 537.57 5.27

ШҚО-да қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күні өтеді

Фото: ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы

Бүгін, 13:30 39 Төлеуғазы Жансая

2025 жылғы 8 ақпанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында қатерлі ісіктерді ерте анықтау мен алдын алу бойынша Ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл күні ШҚО тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан тегін кеңес ала алады. Кеңес алу үшін тек жеке куәлігіңізді алып келу жеткілікті.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6 (КДО)
Байланыс нөмірлері: +7 (7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу