Қауіпсіздік ережелерін бұзған 28 балықшы жауапкершілікке тартылды
Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар қызметкерлері апта сайын су айдындарын бақылауға шығып, қысқы балықшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазовтың айтуынша, балықшылардың басым бөлігі қауіпсіздік құралдарымен жабдықталмаған.
"Көптеген балықшылар мұзға өз өмірін қатерге тігіп шығады. Кейбірі көлдің үстімен көлікпен жүруге дейін барады. Бұл – қарапайым қауіпсіздік шараларын елемеу деген сөз," – дейді ол.
Жыл басынан бері өңірде 100-ден астам рейд ұйымдастырылып, 1600-ге жуық балықшыға нұсқаулық берілді. Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзған 28 азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
ШҚО ТЖД
Оқи отырыңыз
Құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырадыБалықшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді – ШҚОШҚО-да мұз үстіндегі қауіпсіздікке байланысты 934 рейд өткізілдіҚауіпсіздік шараларын сақтамағандар жауапкершілікке тартылды – ШҚОШҚО су қоймаларында 2000-нан астам рейд жүргізілді