KZ
Өскемен
-12°
небольшой снег жел 5 м/с, З
519.28 540.05 5.31

Сапалы қызмет – тұтынушының заңды талабы

Бүгін, 16:30 66 Төлеуғазы Жансая

Күн сайын біз түрлі тауарлар мен қызметтерді тұтынамыз, алайда олардың сапасы мен сатушылардың адалдығына әрдайым сенім артуға болмайды. Тұтынушылар өз құқықтарын білмеген жағдайда, кейбір сатушылар олардың мүдделерін елемей, тіпті алдауға тырысуы мүмкін. Сондықтан әр азаматтың сапалы қызмет пен тауар алуға, ал сапасыз өнімге тап болған жағдайда оны қайтаруға немесе айырбастауға құқығы бар.

Заң бойынша сатып алушы азық-түлікке жатпайтын тауарларды 14 күн ішінде қайтаруға немесе айырбастауға құқылы. Бұл ретте өнімнің барлық белгілері мен пломбалары сақталуы тиіс. Егер тауарда ақау анықталса, сатушы оны жөндеуге, айырбастауға немесе ақшасын қайтаруға міндетті. Алайда, тәжірибеде тұтынушылар көбінесе сапалы тауарды қайтару кезінде қиындықтарға тап болып жатады.

Сатып алу кезінде сенімді сауда орындарын таңдаған жөн. Қымбат заттар аларда жанашыр адамды куәгер ретінде ертіп барған дұрыс. Сатып алу құжатын міндетті түрде сақтау қажет, өйткені ол даулы жағдайда тұтынушы құқығын қорғауға көмектеседі. Егер сатушымен келісімге келе алмасаңыз, тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына жүгінуге болады. Заңды білу әр адамға өз мүддесін қорғауға және әділетсіздікке жол бермеуге мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу