KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 6 м/с, СБ
502.83 545.37 5.95

ШҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

Pexels.com

2.02.2025, 15:16 311 Төлеуғазы Жансая

 «ҚАЖсервис» ЖШС ШҚО филиалының ақпараты бойынша 2 ақпан күні сағат 15:30-дан бастап «Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының 1013-1048 км аралығындағы (Абай облысының шекарасы – Ұлан ауылы) учаскесі жабылды.  

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға, ал жүргізушілерді алыс сапарларды кейінге қалдыруға шақырады. Жолға шыққан жағдайда көліктің техникалық жағдайын тексеріп, қажетті жабдықтар мен жылы киімдерді өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу