KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

ШҚО тұрғыны шіркеуден кескіндемелік туынды ұрлап кетті

21.01.2020, 04:50 108

Көкпекті ауданы, Самар ауылында бұрын соңды болмаған оқиға тіркелді. 29 жастағы тұрғын  шіркеуден " Рождения Христа" кескіндемелік картинасын ұрлап қолға түсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасай отырып.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға қаңтардың 14-інен 15-іне қараған түні болған. Дәл осы түні тонаушы құны 250 000 теңгелік туындыны ұрлап кеткен.

- Аталған факті негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 2020 жылдың қаңтарынан бастап ҚР-ның Қылмыстық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін осыған дейін де айтқан болатынбыз. Осыған байланысты ҚР ҚК-нің 188 – бабының 3-бөлігі бойынша ("Ұрлық: тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен"), ұрлықшы екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу