KZ
Өскемен
-23°
туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

Семейде мұзға тайып жығылған әйелдің жамбасы сынды - ВИДЕО

21.01.2020, 03:43 131

Иә, әкімдіктің сөзіне сенсек, Семейдің жолдары күні-түні тазаланып жатыр. Алайда шаһар тұрғындары тротуарларға неге құм себілмейді деп шағынуда. Өйткені аялдамалардың маңы жалтыраған көк мұз.  Әлеуметтік желіде сол мұзға тайып жығылған әйелдің бейнежазбасы да жүр. 

-        Бүгін аялдамада әйел адам мұзға тайып жығылды. Әжейдің дауысынан-ақ, оның денесінің қатты ауырғанын байқауға болады. Кеше ол кісі маған хабарласты, емханада жатыр екен. Жамбасы сынып қалыпты. Ол аздай операция жасайды деп отыр, - дейді тұрғын Рая Егеубаева.

Оның айтуынша, аялдамада қар тазалап жүрген «Семей» Көгалдандыру және көркейту мекемесінің қызметкерлері «Құм неге себілмейді?» - деген сұраққа, «Мұндай тапсырма берілген жоқ», - деп жауап берген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу