KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

"Көзбояушылық" үшін түсірілген видеолардан шаршадық. Шаһар тұрғындары қалалық әкімдікке наразы

18.12.2019, 04:00 75

Өскемендегі қарды тазалау үшін 58 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлім етті.

Иә, қалалық әкімдіктегілердің сөзіне сенсек, қарды тазалауға 58 техника мен 165 адам шыққан. Тіпті қалалық әкімдіктің парақшасын ашып қалсаңыз, бұл сөзді айғақтайтын арнайы видео да бар.

Алайда шаһар тұрғындары "көзбояушылық үшін" түсірілген бейнежазбалардан шаршадық дейді. 

- Көзбояушылық үшін жасалған видеоларың әбден шаршатты. Нәтижесі қайда? Аялдамалар мен тротуарларға себілетін құм қайда? Басқасын айтпағанда, қаланың орталық көшелерін де ретке келтіре алмай отырсыңдар. Әлде сатылымда құм жоқ па, - дейді "anka_2010_"  әлеуметтік желі қолданушысы.

- Виноградов пен Грузинская көшелерін де тазалап шықсаңыздар жақсы болар еді. Назарбаев даңғылынан басқа да көшелер бар ғой, - дейді "alice_nur".

- Қала іші көктайғақ. Жолдары да, тротуарлары да. Сіздер Өскеменді тазалап жүрген жоқсыздар ғой деймін, - дейді "sollnishk0".

Қысқасы, шаһар тұрғындары әкімдіктегілердің сөзіне сенгілері жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу