KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

«Жылы» аялдамалардың ішінен жағымсыз иіс шығады - Өскеменнің тұрғындары

27.11.2019, 10:59 109

Өскемендіктер жылы аялдамаларға шағынуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі УК-ньюс сайтына сілтеме жасап.

Шаһар тұрғындары өз наразылықтарын Instagram желісі арқылы білдіріп жатыр. Олардың айтуынша, «жылы» аялдамалардың ішінде аялдап тұру мүмкін емес. Себебі, жағымсыз иіс шығады. Ол аздай аялдамалардың іші де суық екен.

- Жағымсыз иіс былай тұрсын, аялдаманың іші өте суық, - дейді қала тұрғыны Ольга Каратаева.

Естеріңізде болса, өткен жылы, дәл осы мәселе әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда қызу талқыға түскен болатын. Қала тұрғындары аялдама ішінде түнейтін «бомждарға» шағымданған еді. Полиция қызметкерлері бұл жағдайға қатысты мынадай түсініктеме берген:

- Тегіне, әлеуметтік жағдайына, лауазымы мен жынысына, нәсілі мен ұлтына, тілі мен дініне, тұрғылықты жеріне байланысты қала тұрғындарын бөліп жара алмаймыз. Егер «бомждың» жеке куәлігі болса және ол ешқандай құқық бұзушылық жасамаса, полицейлер оны қамай алмайды. Сондай-ақ жылы аялдамаларда , қоғамдық орындарда болуына тыйым салуға құқылы емес, - дейді.

Алайда, өскемендіктер полиция қызметкерлерінің пікірімен келіспей отыр.

- Жарайды, үйі жоқ шығар. Оған да түсіністікпен қарайық. Бірақ неге ішімдік ішеді? – дейді тұрғын Алмагүл Сүбебаева.

Өскемендіктер қала бойынша жылы аялдамалардың аз екендігін айтады. Осы тақырыпқа қатысты желі қолданушылары биліктегілерден Защита мен Өзен вокзалының маңайына жылы аялдама орнатып берулерін сұрапты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу