KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

«Мен науқаспын». ШҚО-да жалған ақпарат таратқан тұрғын жазаланды

9.04.2020, 05:25 258

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан қаласының тұрғыны жазған хабарламасы жергілікті халықты әбігерге салды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

60 жастағы кейуана WhatsApp мессенджері арқылы өзінің науқастанғанын айтып, жалған хабарлама таратқан. Осылайша жұртты дүрліктіріп, қоғамның тыныштығын бұзып отыр.

– Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны анықтап, 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, – деп мәлімдеді  ШҚО ПД-ның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Өскемен қаласының 52 жастағы тұрғыны 10 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалады. Кәсіпкердің демханасы төтенше жағдай режиміне қарамастан, тыйым салынған уақытта жұмыс істеген. Сол себепті оған қатысты ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша хаттама толтырылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу