KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 7 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Өскеменде жеңіл атлетикадан ел чемпионаты басталды

19.01.2020, 10:35 196

Өскеменде жеңіл атлетикадан ел чемпионаты басталды. Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында өтетін сайыс екі күнге созылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл бәсекеде өңірлерден жиналған 260 атлет бақ сынайды. Оның ішінде 53 спортшы Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды. Чемпионат шымылдығын құттықтау сөзімен ашқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жастарға сәт сапар тіледі.

Облыс көлемінде жеңіл атлетиканың дамуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Алдағы уақытта бұл жерде халықаралық стандарттарға сай үлкен кешен бой көтереді. Сондықтан сіздерден тек жоғары көрсеткіштер мен жарқын жеңіс күтеміз, – деді аймақ басшысы.

Аталмыш додада жеңіске жеткен спортшылар алдағы уақытта әртүрлі деңгейлі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады. Оның ішінде 12-13 ақпанда Қытайда өтетін Азия чемпионаты да бар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив