KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Мемқызметкерлерді қысқартып, қаражатты пайдалы салаға жұмсаймыз – Тоқаев

15.01.2020, 09:01 99

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің саны біртіндеп қысқара бастайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Baigenews.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы президенттік кадрлық резерв өкілдерімен кездесу барысында мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартып, одан үнемделген қаражатты пайдалы салаға жұмсайтынын айтты.

– Мемлекеттік қызметкерлердің санын біртіндеп қысқартамыз. Үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы саланың қызметкерлеріне материалдық тұрғыда көмек көрсетіп, олардың жұмысқа деген ынтасын арттыруға жұмсаймыз. Жолдауда айтылғандай, 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания қызметкерлерінің санын 25%-ға қысқарту жоспарланып отыр, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив