Балаға бананды қабығымен беруге болмайды деп жатыр
Тамақтану жөніндегі сарапшылар банан қабығының неліктен қауіпті екенін түсіндірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі МедикФорумға сілтеме жасап.
Банан көбінесе Оңтүстік Америкада және Африкада өсіріледі. Сарапшы Сабина Хюльсманнның айтуынша, жемісті зиянды жәндіктерден қорғау үшін пестицид себуге тура келеді. Ал ол дәрілер қоршаған ортаға ғана емес, тұтынушы денсаулығы үшін де айтарлықтай зиян.
– Зерттеу барысында бірнеше рет банан қабағынан пестицид қалдықтары табылды, – дейді Хюльсманн.
Оның айтуынша, банан ұзақ жолда көгеріп кетпес үшін қабығы фунгицидпен де өңделеді екен. Бұл жемістің тасымалдау кезінде бұзылып кетпеуі үшін қажет.
– Бананды тазалап болған соң, қолды жуған абзал. Балаларға қабығынан ажыратылған банан берген дұрыс, қабықтың ішіндегі жеміс таза, – дейді маман.