Аптап ыстықта не жеу керек – маманның кеңесі

Аптап ыстық кезінде калийге бай жеміс-жидекті көп мөлшерде жеу керек, деп хабарлайды Sputniknews.kz cайты ауыл шаруашылығы өнімдерінің сарапшысы Нина Зайцеваның кеңесіне сүйеніп.
"Жазда аптап ыстықта адам қатты терлегендіктен, ағзада калий жетіспеушілігі болуы мүмкін. Оның орнын толтыру үшін калийге бай жеміс-жидектер жеу керек", - дейді Зайцева.
Сарапшының айтуынша, шабдалы, өрік, қарақат, банан және ананас сияқты жемістер калийге өте бай.
Осы жемістерден денсаулыққа пайдасы мол дәрумендер мен микроэлементтер алуға болады, дейді маман.
Оқи отырыңыз