"Қанша әкім ауысты, пайдасы қанша?". Семейліктер биліктегілерге өкпелі
Семейде қоқыс шығарылмай жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілішісі. Бұл туралы қала тұрғындары «Instagram» желісінде жарыса жазып жатыр. Қоқыс мәселесінен әбден шаршаған олар, биліктегілерге шағымдануда.
Иә, мейрамға дейін де, кейін Семейде сол баяғы көрініс. Қоқыс жәшіктері аузы-мұрнынан шығып, қалдықтар жолға дейін шашылып жатыр. Бұл сөзімізге төмендегі суреттер дәлел:
Су жаңа қоқыс жәшіктерін орнатылып, су жаңа қоқыс шығаратын техника сатып алынса да, мәселенің шешілер түрі жоқ. Иә, иісі мұрын жарып, желмен бірге аспанға көтерілетін қалдықтардың кесірінен, тұрғындар күндердің күні дертке шалдығатын шығармыз деп алаңдайды.
- Әйтеу халық үндемесе болды. Бірақ шыдамның да шегі бар ғой. Жолдары айқыш-ұйқыш, қар болса күрелмей жатыр қоқыс та шығарылмайды. Қарапайым жарықтандыру да жоқ. Қанша әкім ауысты? Не пайда? Жыл сайын фонтан орнатып, ақшаны далаға шашуға шеберміз, - дейді тұрғын Әйгерім Мұхтархан.
- Семейде тазалық жоқ. ПИК-терде жұмыс істемейді, ақша жинауды ғана біледі. Юность, 19а маңайы сұмдық болып жатыр. Аяқ алып жүру мүмкін емес, - дейді тұрғын Жанаргүл.