KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СБ
467.29 501.03 5.35

Семейде электронды билеттендіру жүйесі іске қосылды

5.01.2020, 05:07 194

Семейде электронды билеттендіру жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.

Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын Семейде электронды билеттендіру жүйесінің іске қосылатынын жазған едік. Жоспар бойынша жүйе желтоқсанның үшінде қосылуы тиіс еді, алайда жол жүру картасы жеткіліксіз болып шыққан. Шаһар басшысы Ермак Сәлімов 40 000 картаның семейліктер үшін аз екенін және қала тұрғындары мен кондуктарлардың жүйені үйренуіне біраз уақыт керектігін де айтқан. Араға бір ай уақыт салып, 4 қаңтар күні қаладағы барлық бағыттағы автобустарда стационарлық валидаторлар іске қосылды.

-        Қаладағы үш автопаркте электронды билеттендіру іске қосылды. Қазір сатылымда 160 000 жол жүру картасы бар. Әзірше билет құны – 80 теңге,  - дейді әкім.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив