Жол жүру картасы жетпей жатыр – Семей
Семейде жол жүру картасы жетпей жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы қала әкімі мәлім етті.
Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын біз Семейде электронды билеттендіру жүйесінің іске қосылатыны жайлы жазған болатынбыз. Шаһар тұрғындары мен меймандары бүгіннен бастап, электронды билеттендіру жүйесі қосылады. Алайда, қала әкімінің пікірінше, электронды билеттендіру жүйесіне толық көшу үшін, бірнеше кезеңдерден өту қажет.
- Біз 40 000 карта сатып алған болатынбыз. Әрине, Семей үшін бұл өте аз. Халық бұл жүйеге бірден үйрене алмайды. Әсіресе зейнеткерлер. Тіпті автобус жүргізушілері мен кондукторлардың өзі дайын емес. Сондықтан, жол жүру картасы жоқтар кондукторға төлем жасай береді, - дейді шаһар басшысы Ермак Сәлімов.