"Екі есе артық төлеуі мүмкін". Семейдегі электронды билеттендіру
Семейде автобустарға электронды билеттендіру енгізіліп жатыр. Төлем картасы жоқ адамдар жол ақысын екі есе артық төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Назым Жамболатованың айтуынша, жүйе әзірге бір автобусқа енгізілді. Ал жаппай жаңа жылдан бастап қолданылады. Төлем картасы арқылы жол ақысы сол 80 теңге болады. Ал картасы жоқтар екі есе артық төлеуі мүмкін.
– Төлем картасы жоқтардың қанша теңге төлейтінін қала әкімдігі мен арнайы комиссия айтады. Ол 150 теңге, 120 теңге немесе 100 теңге де болуы мүмкін, – деді маман.
Оқи отырыңыз