Бүгін Қазақстанда «АвтоЦОН-дар» жұмыс істемейді
«АвтоЦОН-дарда» ақпараттық жаңа жүйе мен жүргізуші куәлігін даярлайтын құрал-жабдықтарды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Осыған орай 4 қаңтарда, яғни бүгін республика аумағындағы бұл мекемелер қызмет көрсетпейді, деп хабарлайды Altaynews тілішсі.
«ҚР ІІМ бастамасымен көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді дайындауға жауап беретін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша функциялар "АӨО" РМК қарамағына берілді. Бүгінде "АӨО" РМК және "ҰАТ" АҚ "Азаматтарға арналған үкіметтің" мамандандырылған ХҚО-да құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты, 2020 жылғы 4 қаңтарда мамандандырылған ХҚО-лар қызмет көрсетпейді» , - деп жазылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы таратқан хабарламада.