17%-ға төмендеген. ШҚО тұрғындары аурушаңдықтан арылып келеді

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары аурушаңдықтан арылып келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Денсаулық сақтау басқармасы деректеріне сәйкес, қараша-желтоқсан аралығында 11 555 адам дәрігердің қабылдауында болған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 17 пайызға төмен.
– Аурушаңдық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен жылдың осы кезеңінде медицина қызметкерлері 13979 тұрғынды тіркеген. Бұл жылы аталмыш көрсеткіш 17,3 пайызға төмендеді – деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ли.
Дәрігерлер респираторлық вирустық инфекциямен және тұмаумен әсіресе балалар, жасөспірімдер, қарттар мен иммунитеті әлсіреген адамдар жиі ауыратынын атап өтті.