KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Ұшақ апаты: Үкімет қаза болғандар санын әдейі азайтты ма?

29.12.2019, 09:45 183

Бастапқыда Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының 15 жолаушысы қаза тапты деген мәлімет берген еді. Кейінірек ІІМ ТЖ Комитетінің өкілдері қаза тапқандар саны 12 екенін айтты. Неліктен? Ресми түрде әуе апатына қаза тапқандардың санын азайу мәселесі қозғалды ма? Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев түсіндірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Ресми мәліметті ІІМ ТЖ Комитеті ғана беруге құқылы. Әртүрлі мәліметтердің болғаны түсінікті. Бірақ ресми мәлімет комиссия отырысында айтылды. Қаза тапқандар саны – 12. Ауруханада 54 адам жатыр, оның 18-і ауыр халде, – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев  Ластаев.

Оның айтуынша, жергілікті органдардың осы жағдайға байланысты ақпарат беруге құқығы болмаған. 

– ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігі ғана ресми статистиканы бере алады. Олардан басқа ешкімнің беруге құқығы жоқ. Апаттың себебін іздеу және құтқару шараларын ІІМ жүргізеді. Ал ауруханада қайтыс болған адамдар туралы мәліметті беру – Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретінде. Ресми түрде әуе апатынан қаза тапқандардың санын азайту сынды мәселе болған жоқ, – деді Ластаев. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив