KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семейде 40 отбасы баспаналы болды

29.12.2019, 09:28 216

Семейде 40 отбасы Қарағайлы шағын ауданынан пәтер алды. Қала әкімі Ермак Сәлімов тұрғындарға баспана кілтін өз қолымен табыстап, құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі

– Бүгін біз үшін ерекше күн. Себебі қала тұрғындары көптен күткен баспанасына қол жеткізеді. Соңғы жылдары Елбасы тапсырмасының арқасында, облыс әкімі Даниал Ахметовтың басшылығымен Қарағайлы шағын ауданындағы құрылыс қарқынды дамып келеді. Бұл жылы аталмыш ауданда 19 тұрғын үй салдық, барлығы 1333 пәтер бар. Бүгін 40 пәтердің кілтін табыстаймыз. Келесі жылы 46 тұрғын үйдің құрылысын бастаймыз. Онда 576 пәтер болады.  Жалпы Қарағайлы өте жақсы аудан. Айнала толы құрылыс жүріп жатыр. Арена да осы маңда. Жуық арада Мұз сарайының құрылысы басталады. Яғни балалардың ойын-сауықтан қолы босамайтын болады. Ал  жылумен және жарықпен қамтамасыз ету біздің міндетіміз, – дейді Ермак Сәлімов.

Еске сала кетейік, өткен жылдың аяғында Қарағайлы шағын ауданында 130 отбасы қоныс тойын тойлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив