Тышқан жылы қандай болады? Карьера, қаржы, денсаулық, жеке өмір

2020 – жыл басы тышқан жылы. Тиянақты да тынымсыз тіршілік иесінің жылында не күтіп тұр? Карьера, қаржы, денсаулық, жеке өмірге қатысты қандай жаңалық болуы мүмкін? Мамандар кеңесін ұсынамыз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жаңа жылда неге мән беру керек?
2020 жылды нумерология ілімі бойынша қарасақ, 2 + 0 + 2 + 0 = 4 болып шығады. Бұл жылдың басты саны – «4». Нумерологияда «4» саны үміт, шыдам, беріктік, қайрат, іскерлік және тұрақтылық сынды қасиеттермен сипатталады. Нумерологтар бұл жылы аса ірі жаһандық өзгеріс те, экономикалық құлдырау да, қарыштап даму да болмайтынын айтады. Тышқан жылында адамдармен тұрақты әрі бірқалыпты қарым-қатынас жасаған абзал.
Карьера. Бұл салада өзіңіздің қай кәсіпке бейім екеніңізді пысықтап отырудың қажеті шамалы, жұмыс орныңызды аяқасты ауыстыруды ойламағаныңыз абзал. Жылды қазіргі қызметіңізге орнығуға арнаңыз. 2020 жыл карьераның біртіндеп өсуіне, адамның тұрақты дамуына мүмкіндік береді. Жыл бәрінен бұрын тәжірибелі кәсіпкерлерге пайдалы болмақ. «4» саны оларға мақсатқа жүйелі әрі табанды түрде жетуге көмектеседі.
Қаржы. 2020 жылға арналған нумерология жұлдызнамасы қаржыға байланысты эксперимент жасамауға кеңес береді. Кіріс бірқалыпты болғаны дұрыс.
⠀
Денсаулық. Салауатты өмір салтын қазіргідей ұстанып жүре беріңіз. Бірақ өзіңізді қалай сезінетініңізге көбірек мән беріп, көп таралған аурулардың алдын алуға тырысыңыз.
Жеке өмір. Бұл жыл драма мен романтикаға арналмаған. 2019 жыл “3” санының ықпалымен өткендіктен өзгеріс пен мазасыздыққа толы болды. Мұндай кезеңнен кейін бірқалыпты мезгіл басталады. Тышқан жылында басталған жеке өмірдегі қарым-қатынас жылдам дамығанымен ғашықтардың өзі күтпегендей бірқалыпты күйге түседі. Осындай қарым-қатынастан соң ғашықтардың көбі некелесуі де мүмкін. 2020 жылы романтикалық қарым-қатынасты үзбеген абзал. Оның үстіне, “4” саны айырылысуға жеткізе бермейді. Десе де, жұптар ажырасса, жалғыздыққа көнуге туралы келеді.
Жаңа жылдың түсі – классикалық көк түс
Pantone түс институты 2020 жылдың түсін көк түс деп белгіледі. Институт мамандарының айтуынша, бұл «шекарадан шығуды білдіретін» түс.
«Классикалық көк түс – шеті жоқ кешкі аспанның шексіз көгілдір бейнесі. Ол бізді сызып қойған шекарадан ары ойлап, ұзаққа көз тастауға шақырады. Ол тереңірек ой толғауға, перспектива мен қарым-қатынасты кеңейтуге үндейді», – дейді мамандар.