ШҚО жастары «100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды

Шығыс өңірінің жастары «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары қатарынан көрінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Іріктеу үш кезең бойынша жүрді:
Бірінші өтінімдерді қабылдау кезеңі. Яғни үміткерлер сайысқа қатысуға өтініш жазады. Осы ретте қатысушылардан 1670 сауалнама қабылданған екен.
Жобаның екінші кезеңі – онлайн дауыс беру. 5-25 қараша аралығында жобаның 100janaesim.ruh.kz ресми сайтында бүкіл халық онлайн-дауыс берді. Барлық қатысушылары үшін қабылданған дауыстардың жалпы саны 700 мыңнан астам.
Қорытынды кезеңде елге танымал тұлғалардан жасақталған қазылар алқасы бас қосып, екі кезеңді сараптай келе түбегейлі шешім шығарды. Бұл 28 қараша күні болды.
Осылайша 32 жеңімпаздың қатарына Шығыс өңірінің 3 азаматы кірді. Олар: Қуандық Қанатов, Ержан Омарханов, Ольга Чавкина.