Томаға кигізілген бүркіттің иесі табылды
Томаға кигізілген бүркіттің иесі табылды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл туралы полиция қызметкерлері мәлім етті.
Естеріңізде болса, кеше Өскемендегі көшелердің бірінен томаға кигізілген бүркіт табылған болатын. Шаһар тұрғындары жарыса жазған бүркітті тәртіп сақшылары полиция бөлімшесіне алып кеткен. Көп ұзамай бүркіттің иесі де хабарласыпты.
- Құсбегі қалаға көрмеге келген. Сосын жем алуға кеткен кезде бүркітін Гагарин бульвары көшесіндегі аулалардың біріне уақытша отырғызып кеткен. Құсбегі бізге хабарласты. Біз бүркітті иесіне қайтарып бердік, - дейді полицейлер.
Оқи отырыңыз