KZ
Өскемен
+20°
небольшой дождь жел 4 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Томаға кигізілген бүркітті көшеге кім тастап кеткен - Өскемен (ВИДЕО)

23.12.2019, 11:32 204

Өскемендегі көшелердің бірінен томаға кигізілген бүркіт табылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы шаһар тұрғындары әлеуметтік желіде жараса жазып жатыр. Айтуларынша, бүркітті біреулер асырай алмаған соң көшеге қалдырып кеткен.

Тұрғындар иесіз құсты алдымен Гагарин бульвары, 26 мекенжайындағы ауладан көрген.

- Бүгін түстен кейін әлдекім бүркітті аулаға тастап кетті. Сағат 14:00 шамасында. Қолға үйретілген құс екені көрініп тұр, жанына биялайын да қойып кетіпті,- дейді әлеуметтік желі қолданушысы.

Ал «prokat.kostymov.uka» әлеуметтік желі қолданушысы бүркітті екі күн бұрын Ресей елшілігі отыратын ғимараттың маңынан көргенін айтады.

«Дворянин» жан-жануарлар құқығын қорғаушы қоғамдық қорының жетекшісі Лариса Прокопьеваның айтуынша құсты ұстауға полиция қызметкерлері көмектескен.

- Бүркітті полиция бөлімшесіне алып кетті. Қазір ол жерге арнайы құсбегі барады, - деді қор жетекшісі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив