KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

ШҚО-ның ауылдарында екінші деңгейлі медицина мекемелері ашылады

30.01.2020, 08:04 119

Аймақ басшысы Даниал Ахметов шалғайдағы ауылдарда екінші деңгейлі медицина мекемелерін ашуды тапсырды. Денсаулық сақтау басқармасына бір айдың ішінде құрылымдық жүйені өзгертуге байланысты ұсыныс енгізу қажет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Даниал Ахметов бұрын оңтайландырылған Катон, Марқакөл, Шұбартау сияқты өңірлердің шалғай ауылдарын қамту маңыздылығын баса айтты.

Аналардың 80 пайызы Өскемен мен Семей қалаларының медициналық орталықтарында босанады. Яғни, 700-800 шақырымды басып өтіп, облыс орталығына келуге мәжбүр.

Соңғы жылдарда Шығыс Қазақстан медицин саласында көптеген жетістіктерге жетіп жатқанын айта кеткен жөн.⠀3 жылда 22 млрд теңгеге заман талабына сай келетін соңғы үлгідегі 1086 жабдық алынды. Еліміздегі бірегей робот хирургиясы, трансплантология, политравма, ортопедия орталықтары, гибридті ота жасау бөлімі ашылды. Сонымен қатар, екі ауданда екінші деңгейлі Инсульт орталықтары іске қосылды. Диагностика және емдеудің 130-дан астам жаңа әдісі қолданысқа енгізілді. Бұның бәрі қатерлі ісіктің ерте анықтау деңгейін 6 пайызға, бала өлімін 28%, қан айналым жүйесі ауруларынан 7% және туберкулезден болатын өлім көрсеткішін 66% төмендетуге мүмкіндік берді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив