Өскемендіктерді тағы да «күдікті пакет» әбігерге салды
Полиция қызметкерлері «Металлург» саябағын жақты неліктен қоршауға алғанын түсіндірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазақстан» аялдамасында әлдебір пакет жатқан. Содан сескенген тұрғындар полицияға хабар беріпті.
– Хабар 22 қараша күні сағат 18:00 шамасында келіп түсті. Тәртіп сақшылары терроризмге қарсы қауіпсіздік мақсатында аумақты қоршауға алды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.