Жармада көпбалалы аналар баспаналы болды
Аудандағы көпбалалы аналар мен мүгедек жандар Тәуелсіздік мерекесін өз шаңырақтарында қарсы алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жармада екі бөлмелі бес тұрғын-үй қолданысқа берілді. Оның бесеуі көпбалалы аналарға, екеуі мүгедек жандары бар жанұяларға табысталды. Салтанатты шараға аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин қатысып, баспаналы болған жандарды қуаныштарымен құттықтады. Бұл үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер Динара Исабаеваның басшылығымен салынған.
Оқи отырыңыз