KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Глубокое ауданында 60 отбасы баспаналы болды

15.12.2020, 16:39 278

Тәуелсіздік күніне орай Глубокое кентінде көпбалалы аналар, бюджеттік мекемелерде еңбек ететін мамандар үйлі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл  үйлер мемлекеттік "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынған.

 Салтанатты жиында ШҚО әкімі Даниал Ахметов те болып, пәтер иелеріне кілт табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.

- Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен және жаңа қоныстарыңызбен құттықтаймын! Отбасыларыңыздан береке-бірлік кетпей жаңа үйлеріңіздің іші ырысқа толы болсын! Жеке баспана әркімнің шағын мемлекеті. Ал,  баспаналы болу  кім үшін болса да үлкен қуаныш. Бұл жыл бізге, оңай болмаса да, қуаныштар да қатар болып жатыр. Қуаныштарыңыз  жақсылыққа ұласа берсін! Егеменді еліміздің іргесі аман, аспанымыз ашық  болсын!, –  деді облыс әкімі өз құттықтауында

 
5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің 15-і бір бөлмелі, 45-і екі бөлмелі. Құрылысты DK Proekt ЖШС жүргізді. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 500 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген.

- Рақмет, маған көпбалалы ана ретінде пәтер беріп жатыр. Осы үйіміз құтты болып, бала-шаға, немерелеріміз өсіп, өркендей берсін бұл жерде. Өзім осы үйді 8 жылдай күттім,- деп қуанышымен бөлісті "Алтын алқа" иегері, 7 баланы тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты ана Абидән Бірлесхан есімді аудан тұрғыны.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу