KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Домбыра ойнайтын роботты құрастырған оқушылар «Жыл таңдауы - 2019» форумында жүлдеге ие болды - Семей

13.12.2019, 05:47 161

Домбыра ойнайтын роботты жасап шығарған семейлік оқушылар «Жыл таңдауы - 2019» қалалық жастар форумында жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, осыған дейін біз Назарбаев зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Бақытбек Орынбаев пен оның шәкірттері Мирас Мұратқанов және Нұрбол Мақтаев домбырада ойнай алатын робот құрастырғанын жазған едік. Өнертапқыштар бұл еңбектерін ұлы Абайдың 175 жылдығына арнаған болатын. «Шығыс жастары» қоғамдық қоры ұйымдастарған «Жыл таңдауы – 2019» байқауында Мирас пен Нұрбол «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жүлдеге ие болды.

-        Бақытбек Орынбаев ағамыздың жетекшілігімен іске асырылған дәл осы жобаның жеңіске жеткеніне өте қуаныштымыз. Шара ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз, - дейді жеңімпаздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив