KZ
Өскемен
+6°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Шығыста робот құрастыратын қыздар бар

3.05.2019, 10:47 182

«World Robot Olympiad»  - бұл оқушылар және студенттер арасында дәстүрлі түрде өтетін халықаралық жарыс. Айтулы аламанның Шығыстағы облыстық кезеңі Семейде өткізіліп, оған 150-ге жуық оқушы қатысқан. Бір қызығы, робот құрастыруға ниет танытқандардың арасында қыз балалардың саны жыл санап көбеюде. Биылғы жарыстың басты ерекшелігі де сол еді.

 Дәл осы жарыстың Қазақстандағы өткізу құқығына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ие екенін айта кеткен орынды. 10 мен 21 жас аралығындағы жеткіншектерді, жасөспірімдерді қамтитын сайыс бір мезетте барлық өңірлерде ұйымдастырылды. Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен сында, 70 команда бақтарын сынады.

- «World Robot Olympiad»  әр маусым сайын сайыстың тапсырмаларына қатысты тақырып таңдайды. Биылғы тақырып – «Smart Cities» яғни, ақылды қалалар. Жалпы роботтар арқылы қаланы қалай жақсартуға болады? Шын мәнінде ол мәселені шешудің жолдары өте көп. Мәселен, бүгінгі жарысқа қатысатын орта топ өкілдері роботтар көмегімен ғимараттардағы жарық шамдарын өздігінен алмастыра алатынын тапсырма арқылы көрсетті. Егер дәл осы тапсырманы одан әрмен жетілдіріп, дамыған елдердегідей қолданысқа енгізер болсақ, біраз жүктемеден арылар едік. Осы сияқты такси қызметінде автоматтандырылған жүйесін жоба ретінде оқушыларымыз танытты. Біздің мақсат – талантты жастарға қолдау білдіру, -дейді сайыстың бас төрешісі Бақытбек Орынбаев.

 Чемпионатқа Абай ауданындағы М.Әуезов атындағы орта мектептен қос шәкіртін үкілеп қосқан физика-информатика пәнінің мұғалімі Ләйла Мұқатова, биылғы оқу жылында робототехниканың серік еткендердің қарасы артқанын атады. Әсіресе қыз балалардың қызуғышылығы ерекше дейді пән мұғалімі.

-  Әдетте қыздар робототехникаға аса көп қызыға қоймайды. Бірақ мен еш қиналмай бірден шешім қабылдадым. Үйірмеге қатысу арқылы жылдам ойлап, ширақ қимылдай бастадым. Робототехника физика, математика, информатика пәндерін жетік меңгеруге де көмектеседі, -дейді ауыл мектебінің оқушысы Камал Аманғазықызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив