KZ
Өскемен
-10°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Семейде балмұздақ пен сусын тегін таратылды

8.07.2019, 07:09 142

Семейде ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күні, Ұлттық Домбыра күні және Жастар жылына орай «OPEN AIR-2019» жастар фестивалі өтті.

Шара бірнеше бағытты қамтыды. Қатысушылар Ертістің оң жағалауынан 750 метр қашықтықта 200 кг шашылған түрлі-түсті бояулар шеруінде жүгіріп өтті. Сонымен қатар Домбыра Party, Асық Party, Urban Dance, Water party, Street Workoutт алаңдары ұйымдастырылып, мерекелік концерт жүргізілді. Мұны ішкі саясат бөлімі мен «Шығыс Жастары» қоғамдық қоры ұйымдастырды. 

- Қатысушыларға 1000-нан астам тегін балмұздақ пен 1500-ге жуық сусын да таратылды, - деді «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының атқарушы директоры Айдос Төлеуханов.

Шара барысында фестивальге қатысушыларға арнайы нөмерлер беріліп, сол нөмерлер арқылы ұтыс ойындары ойнатылды.

- Біз Ұлттық домбыра күнін екінші мәрте тойлап жатырмыз. Фестиваль аясында Домбыра party ұйымдастырылып, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенттері өз өнерлерін көрсетуде. Халқымыздың үні – Домбыра күні құтты болсын, - деді домбырашы Айжан Салиева.

Семей қаласының ақпараттық орталығының мәліметінше, фестивальға жиыны 2000-ға жуық қала тұрғыны қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу