KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
502.57 591.68 6.42

"Мигалкасы" жанып тұрады – ШҚО жолдарында полиция көлігінің ерекше макеттері (ВИДЕО)

11.12.2019, 04:38 393

ШҚО жолдарына полиция көліктерінің «мигалкасы» жанып тұратын макеттері қойылды.

«Бұл макеттердің бұрынғыдан ерекшілегі – төбесіндегі шамдары жарқылдап тұрады. Шамдар қуатты күннен алады. Қазіргі уақтта Өскемен - Семей, Өскемен - Риддер, Өскемен - Алтай бағыттарына қойылды», – делінген Полиция департаментінің ақпаратында.

Департамент келтірген мәлімет бойынша, жыл басынан бері тіркелген жол апатының 303-і жылдамдықты шектен тыс асыру салдарынан болған. Осы апаттарда 66 адам қаза болған.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу