KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Жаңа жыл мерекесінде балконда тұрып салют атуға тыйым салынады

10.12.2019, 08:25 126

Жаңа жыл мерекесінде балконда тұрып салют атуға тыйым салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Өскемендегі Полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің инспекторы Айдар Манженов айтты.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының ақпаратына сенсек, былтыр Жаңа жылда үш балконда өрт шыққан. Осыған байланысты құтқарушылар тобы дабыл қағуда.

- Былтыр балконда от-шашу жағамын деп көршілерінің балконын өртеп алған қаншама оқиға тіркелді. Сондықтан да, от-шашуды ашық жерде жаққан дұрыс. Аталған талапты сақтамағандар, ҚР ҚК-нің 434 бабы «Бұзақылық» бойынша әкімшілік жазаға тартылады, - дейді инспектор Айдар Манженов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив