KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Жаңа жылда әрбір тұрғын өрт сөндіргіш құрал алуы керек – ШҚО

6.12.2019, 09:31 196

Өскеменнің төтенше жағдай қызметкерлері жаңа жылға қарсы тұрғындарға үйлеріне өрт сөндіргіш құрал алып қоюға кеңес берді.

– Статистика бойынша, үйден шыққан өрттердің 44%-ы жаңа жылдың демалысында болған. Тұрғындар көп жағдайда қауіпсіздік сақтамайды. Сол себепті тұрғындарға өрт сөндіргіш құрал алып қоюға кеңес береміз. Бұл – тек жаңа жылда ғана емес, барлық уақытта қажетті, –  дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметкері.

Оның айтуынша, электр құрылғыларын сөндіруге болатын көмірқышқылды өрт сөндіргіш (углекислотный огнетушитель) сатылымда бар.

Құтқарушылар пиротехниканы (салют, ракета, пистон...) төбесі жабық ғимаратта, балконда, халық көп шоғырланған аумақта пайдалануға болмайтынын ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив