"Реал Мадрид" футбол клубы жейдесінің түсін өзгертті
Реал Мадрид футбол клубы экология мәселесіне жұрт назаран аудару мақсатында команда жейдесін жасыл түске ауыстырды. Бұл туралы Marca басылымы жазды.
Испания астанасы Мадридте БҰҰ-ның Экологияның өзгеруі проблемалары жөніндегі 25-ші Дүниежүзілік конференция болып жатыр. Конференцияға сол елдегі спорт ұжымдары да қолдау көрсетуде.
Мәселен, бас қаладағы «Реал Мадрид» командасы бүгінгі «Эспаньолмен» кездесуге әдеттегі ақ жейдені қоя тұрып, жасыл түсті жейде киіп шықпақ. Бұл – Испания чемпионатының 16-туры.
Сондай-ақ футбол клуб стадионыны маңдайшасына 25-ші Конвенцияға арналған биіктігі 19,60 метр, ені 35,77 метр келетін баннер ілінеді. Бұл баннер жиын аяқталғанға (13 желтоқсанға) дейін тұрады.