KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Жол жүру картасын жоғалтып алғандар не істейді? – Семей

13.11.2019, 10:05 143

Жол жүру картасын жоғалтып алғандар не істейді? Мұны"Smart Concept" ЖШС директоры Қуат Аканұлы түсіндіріп берді.

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын желтоқсаннан бастап, электронды билеттендіру жүйесінің іске қосылатыны жайлы жазған болатынбыз. Осыған байланысты шаһар тұрғындары мен қонақтарының сауалдары да артты. Солардың бірі, жол жүру картасын сындырып немесе жоғалтып алғандар не істеуі қажет?

-        Жол жүру картасын жоғалтып алғандар үшін ешқандай жеңілдік жасалмайды. Яғни, картасыз төлем жасайсыз. Егер жоғалып қалған картаңызда ақша болса, Болат Тұрлыханов көшесі, 30 мекенжайында орналасқан жауапты компанияның жеке кеңсесіне барыңыз, - дейді Қуат Ақанұлы.

Оның айтуынша, жолаушы қай аялдамаларда болғанын және қашан төлем жасағанын айтуы қажет. Бұл арқылы жол жүру картасын оңай тауып алуға болады екен. Картаңызды сыртта жоғалтып алсаңыз, картаны бұғаттау үшін кеңсеге келуіңіз керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу