KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Башқұрттар ұпай ұстатар емес

27.11.2019, 12:00 110


Башқұртстандық командалар әзірге ұпай ұстатпай тұр. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында Учалы қаласында жергілікті «Горнякпен» кездескен «Торпедо» айдын иелеріне 3:5 есебімен жол берді.

Бұл ойында «Торпедо» сапында шабуылшылар Евгений Рымарев, Андрей Караваев пен Никита Сироткиннің қанжығалары майланғанын айту керек.
Қазір турнир кестесінің оныншы орнында тұрған өскемендік ұжым келесі кездесуін де қонақта өткізеді. Дәлірек айтсақ, ертең, 28 қараша күні ойналатын ойында жерлестерімізге Ор қаласының «Южный Урал» командасы қарсылас атанбақ.

Еске салайық, торпедолықтар осыдан біраз бұрын сырт айдында тағы бір башқұртстандық ұжым – нефтекамскілік «Тороспен» шеберлік байқасып, ол ойында да жеңіліс тапқан болатын, есеп 1:2.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив