KZ
Өскемен
+3°
туман жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

«Торпедоға» жеңісті Евгений Рымарев әперді

25.11.2019, 05:18 128

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында Қорғанның «Зауральесімен» кездескен «Торпедо» 3:2 есебімен жеңіске жетіп, осының арқасында алғашқы ондықтағы орнын сақтап қала алды.

Шыны керек, дәл қазір өскемендік ұжымды клуб басшылығы зор сенім артып отырған ресейлік легионерлер емес, жергілікті хоккей мектебінің түлектері, ардагер шабуылшылар Евгений Рымарев пен Александр Шин өрге сүйреп келе жатыр. Рымарев тіпті 28 шайбамен команда мергендерінің көшін бастап тұр. 31 жастағы шабуылшының қанжығасы бұл жолы да майланды. Евгений қарсылас қақпасынан екі рет саңылау тауып, бір нәтижелі пастың авторы атанды. Ол шайбаны қосымша уақыттың 65-шы минутында шабуылшы Александр Тарасов соқты. Қорытынды есеп 3:2.

Жалпы, Қорған қаласында өткен ойында жерлестеріміз айдын иелеріне қарағанда екі есе көп соққы жасады, 46-20.
Осы жеңісінен кейін 33 ұпай жинаған «Торпедо» жоғарыдай айтқанымыздай, турнир кестесінің тоғызыншы орнында орналасуда. Келесі кездесуін жерлестеріміз ертең, 26 қараша күні Башқұртстанның Учалы қаласында жергілікті «Горнякпен» өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив