KZ
Өскемен
+5°
туман жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Күршім ауданының әкімі Марқакөл өңіріне іссапармен барды (Фоторепортаж)

27.11.2019, 10:59 207

Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов кеше Марқакөл өңіріне іссапармен барды. Сапар барысында аудан басшысы өңірдегі бірқатар нысандарды аралап, атқаралып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап отыр.

Ең алдымен аудан басшысы Марқакөл ауылына жол тартып, аурухана мен колледждің жұмысымен танысты.

Бір күн бұрын ғана ауылда 3 үйдің шөбі өртке оранған екен. Осы жағдайға орай әкім зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, оларға жем-шөппен жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді. Ауылдың әр жерінде орналасқан үш отбасының шөбі бір уақытта өртенген екен. Аудан басшысы полиция қызметкерлеріне бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізуді тапсырды.  

Марқакөл ауылында кәсіпкерліктің қарқынды дамып келе жатқанын айта кеткен жөн. Мемлекеттің көпбалалы аналарды қолдауға бағытталған бағдарламасы арқылы 500 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болған 6 баланың анасы Жұлдыз Тұркуева наубайхана ашып, тұрғындарға төмен бағамен саудалап отыр.

Ауылда мемлекеттік қолдаумен өз кәсібін ашқан тағы бір тұрғы бар. Нұрлан Амуртаев 20 орындық қонақүй мен асхананың құрылысын аяқтап қалыпты.

- Жаз уақытында табиғаты әдемі өңірге келуші туристердің көптігінен қонақүйге деген сұраныс зор. Кәсібін бастап жатқан азаматтарға сәттілік тілеймін! – дейді Дулат Қажанов.

Бұдан кейін Дулат Қажанов Боран, Қалғұты ауылдарына барды. Биыл Қалғұты ауылының мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Әкім атқарылып жатқан жұмыстың сапасын тексеріп қайтты.

Боран ауылының кіреберісіндегі көпір жөндеуді қажет етеді екен. Сондай-ақ, келер жылы ауылдың ішіндегі жолдарды жөндеу жоспарға кіргізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив