Жарма ауданында 7 отбасыға тұрғын үй берілді
Жарма ауданында асыл тұқымды ақ бас ірі қарасын өсіруші «Шалабай» асыл тұқымды мал зауыты жыл жұмысын қорытындылап, ауыл шаруашылығы күнін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Құрылғанына 14 жыл ғана болған шаруашылық бүгінде асыл тұқымды ірі қара басын 3 мыңға жеткізе отыр. Сондай-ақ, «Байыс» қойын қатар өсіріп, жер мәдениетінде жолға қойып отырған бірегей серіктестік деп айтуға болады.
Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин өңірде ауыл шаруашылық саласына серпін беріп отырған еңбек адамдарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегімен ерекшеленген еңбеккерлерді Алғыс хатпен марапаттады.
Қуаныш Сүлейменов басшылық жасайтын шаруашылық мерекелік салтанатта серіктестікте еңбек ететін 7 отбасына тұрғын үйді сыйға тартты. Оның үшеуі көпбалалы отбасы екенін айта кеткен жөн.