KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Ержан Максимге қалай дауыс береміз?

23.11.2019, 08:37 258

22-нен 23-ші қарашаға қараған түні, елорда уақытымен сағат  01.00-ден бастап Junior Eurovision 2019-ның көрермендерінің дауыс беруі басталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Хабар арнасы мәлімдеді. Арнаның ақпараты бойынша, байқаудың ақтық мәресі 24 қарашада өтеді. Қазақстандықтар оны тікелей эфирде, «Хабар» телеарнасынан 21.00-де тамашалай алады.

Ереже бойынша жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі мен 3 ересек адам мен 2 баладан құралған қазылар алқасы анықтайды.

Ержан Максимге қалай дауыс беруге болады? Оп-оңай: junioreurovision.tv сайтына кіру; Тізімнен Ержанды және тағы екі қатысушыны таңдау; «Дауыс беру» тетігін басу.

Ержанға екі рет дауыс беруге болады. Бірінші дауыс беру 23 қараша сағат 01:00-ден байқау басталғанша жалғасады. Ал екіншісі концерт аяқталған соң, 15 минутқа қайта ашылады. Байқау және дауыс беру ережесі туралы толығырақ біліңіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Ержан Максим "Арманыңнан қалма!" әнімен  10-шы нөмірде өнер көрсетеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу