KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, С
521.9 593.5 6.39

Заңсыз аң аулаған ШҚО тұрғыны ұсталды

22.11.2019, 03:51 257

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарайтын Боран ауылының тұрғыны заңсыз түрде аң атқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Тәртіп сақшылары 16 қараша күні сағат 11.30 шамасында Зайсан-Боран тасжолында «ВАЗ-21122»маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік иесінің заңсыз түрде елік атып алып келе жатқандығы анықталды. Сондай-ақ 40 жастағы жүргізушіге тиесілі қарудың ешқандай құжаттары жоқ болып шықты, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Заңсыз аң аулау фактісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 337 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу