KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Өскемендегі трамвайлар қысқы маусымға дайын ба?

19.11.2019, 05:09 278

Өскемендегі трамвайлар қысқы маусымға дайын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Арнайы қаптама материалдың, ішкі жылытқыштардың және пештің жұмысының арқасында трамвайлар аязды күндері де жылы болады, – дейді «Өскемен Көлік Компаниясы» ЖШС.

Сондай-ақ қазіргі уақытта трамвай паркінде электронды билеттендіруге арналған жабдықтарды орнатуға байланысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

– Біз бұған дайынбыз. Тек электронды билеттендіруге арналған құрылғылардың келуін күтіп отырмыз. Ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізіледі, – дейді көлік компаниясының директоры Михаил Чайка.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу