KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

«Торпедо» Елордадан екі ұпай алып қайтты

4.11.2019, 06:32 215

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 20-шы турында қонақта елордалық «Номадпен» шеберлік байқасқан «Торпедо» 1:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі алғашқы бестіктің қатарына енді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге салайық, аталмыш екі ұжым осыдан бірер күн бұрын Өскемен қаласында кездесіп, ол ойында да жерлестеріміздің мерейі үстем болған-ды, есеп 2:1.

Ал бұл жолғы кездесуде «Торпедоға» жеңісті шабуылшы Дмитрий Гренц әперді.

Осы жеңісінен кейін 26 ұпай жинаған «Торпедо», жоғарыда айтқандай турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді. Ертең өскемендік команда тағы бір қазақстандық ұжыммен ойнайтын болады. Жерлестеріміз Қарағанды қаласында былтырғы доданың жеңімпазы «Сарыарқа» хоккейшілерімен кездеспек. Бұл ойын кешкі сағат 19:00-де басталуы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив