Семейде жыл басынан бері 50-ден астам көлік өртенді
Семейде жыл басынан бері 50-ден астам көлік өртенді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар қызметі мәлім етті.
Жыл басынан бері Семейде 53 көлік өртеніпті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Себебі былтыр, қалада жыл көлемінде 38 көлік өртенген болатын. Құтқарушылар тобының айтуынша, өрттің жиілеуіне жүргізушілердің қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолдануы себеп болған.
Оқи отырыңыз