KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

24-26 қазанға арналған ауа райы болжамы

24.10.2019, 05:40 219

Синоптиктер 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды екен. Солтүстік аймақтарда ғана тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Қазақстанның оңтүстігінде антициклонның әсерінен күн айтарлықтай ашық, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік және шығыс облыстар арқылы атмсофералық бағыттар өтеді, кей жерлерде жауын-шашын мен көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал.

Батыстан соққан желдің күшеюіне қарай бұрқасын соғады деп болжануда. Дегенмен тропосферада батыс ағындары орнап, ол Атлантика жақтан жылы әрі ылғалды ауа әкеледі екен. Оның әсерінен Қазақстанның аумағында көп жерде ауа температурасы жоғырылай түспек. Осы мерзім үшін қалыпты температурадан 5°С градусқа жоғары болады деген болжам бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу