26-28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 26-28 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн ерекше жылы болмақ.
Республиканың батыс және солтүстік аймақтарында Атлантика жақтан келген жылы ауалық массалар ауа температурасының нормадан 6-11 градусқа жоғарылауына әсер еткен еді. Оның әсері 26-28 қазанда басқа да аймақтардың аумаңына таралып, жаймақ шуақ күндері орнайды екен.
Дегенмен Батыс Сібір арқылы өтіп жатқан белсенді циклондар мен олармен байланысты атмосфералық бағыттар кей жерлерде жауын-шашын шақырып, желдің күшеюіне алып келуі мүмкін.