Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, атлантикалық батыс циклондардың әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа тепературасы айтарлықтай төмендейді. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда сенбіде күн суытқанымен, жексенбі күні қайта жылынатын көрінеді.
16 қарашада сынап бағаны түнгі уақытта минус 17…25°С градусты көрсетсе, 17-18 қарашада минус 5…13°С градусқа жоғарылайды.
Сондай-ақ, бұл күндері қарлы боран мен екпінді жел соғады деп күтілуде.
Ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс жағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, бірақ ауа температурасы біршама төмендейді. Батыста жауын-шашын болмайды, ауа температурасы жоғарылайды деп болжаайды синоптиктер.