19-21 қазан күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 19-21 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мен көктайғақ болады. Сондай-ақ, кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Сынап бағанасы бұл күндері минус 3...5°С градусты көрсетеді.
- "Өткен бірнеше тәулікте циклондар Батыс Сібір арқылы жылжыған болса да, атмосфералық бағыттар Қазақстанның аумағындағы ауа райына әсер етуде. Демалыс күндері аптаның ортасындағыдай ауа райы болады деп күтілуде. Респкубликаның басым бөлігінде жаңбар жауады, солтүстік аймақтанрда көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін", - деп жазылған «Қазгидромет» ақпаратында.